22
Жұма,
Қараша

һижри

Рамазанда боксшы қайырымдылықтың үлгісін көрсетті

РАМАЗАНДА БОКСШЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ

Жаһан
Жарнама

31 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Швед кәсіби боксшысы Баду Джек жеңісін көңіл көтеретін кештермен емес, қайырымдылықпен атап өтеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

Мұсылман спортшы әлемді аралап, ең мұқтаж және жағдайы нашар жерлерде қайырымдылық шараларын өткізеді. 34 жастағы Баду Иорданиядағы босқындар лагерінде азық-түлік бөлуді ұйымдастырды және өз елінің Гамбия ауылының тұрғындарына киім-кешек берді. Боксшының күшімен үш ауылдың тұрғындары жаңа киімдер мен тегін электр энергиясын алды.

Баду Иорданиядағы «әл-Бақа» палестиналық босқындар лагерінде медициналық орталықты қайта құруға көмектесті және оған қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Тәжірибелі мұсылман ретінде, боксшы қайырымдылық үлгісін көрсету керек деп есептейді. Баду «Құдайға қызмет ету үшін мұсылман бауырларға көмектесу керек» дейді. Осы Рамазанда спортшы Иорданияда мүмкіндігі  шектеулі адамдар ассоциациясына арнайы жабдықтар жібереді. Сондай-ақ, ол Дубайдағы «Badu Jack ассоциациясы» қайырымдылық қорының ресми жетекшісі.

Бөлісу: