20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мыңдаған жыл бұрын жасалған көне араб тұмары табылды

Мыңдаған жыл бұрын жасалған көне араб тұмары табылды

Жаһан
Жарнама

28 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Археологтар қазба жұмыстары кезінде ерекше жәдігер – араб тілінде жазылған бойтұмар тапты, деп хабарлайды kazislam.kz сайты.

Иерусалим ауданында табылған көне жәдігер ғалымдардың алдын ала болжамы бойынша, мыңдаған жыл бұрын қорғанып жүру мақсатында жасалған. Ал, ондағы мәтін осы тұмардың иесін қорғауға арналған. Тұмарда «Кәрім Аллаға иман келтірді, Алла – әлемдердің Раббысы» деген жазу бар.

Қазіргі уақытта ғалымдар бұл бойтұмар жоғалғанын әлде әдейі жерге көмілгенін анықтау үстінде. Сонымен қатар, тұмардың інжу-алқаның бір бөлшегі болғаны немесе иесі оны арнайы қалтада сақтап келгені де зерттелу үстінде.

Бөлісу: