26
Жұма,
Сәуір

һижри

Имам әл-Бұхаридің өмірбаяны жайында фильм түсірілді

Имам әл-Бұхаридің өмірбаяны жайында фильм түсірілді

Жаһан
Жарнама

3 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Фильмнің басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевтің 2017 жылы БҰҰ Генассамблеясының Нью Йоркте өткен 72-отырысында сөйлеген сөзінен үзінді берілген, деп хабарлайды kazislam.kz cайты.

«Біздің негізгі мақсатымыз әлемдік қауымдастыққа Исламның шынайы гуманистік рухын жеткізу. Орталық Азия ренессансының шоқ жұлдызы болған жарқын тұлғалардың Ислам және әлемдік өркениетке қосқан үлесіне баса назар аударғым келеді. Сондай тау тұлғалардың бірі – Имам Бұхари», - деді өзбек елінің көшбасшысы.

Фильм сюжетінде Ислам дінінде маңыздылығы жағынан Құраннан кейін екінші орын алатын кітап – «Сахих әл-Бұхаридің» жинақтаушысы дүниеге келген Бұхара қаласының әсем көріністері берілген.

Жоба авторлары  мұсылман ғалымының өмірбаянына қатысты көптеген қызықты деректері жинастырған, сондай-ақ зерттеуші ғалымдардан сұхбаттар алған. Олардың ішінде  профессор Убайдулла Уватов, ғалым-музейтанушы Роберт Альмеев, мысырлық профессор  Тоха Хубайши.

Бөлісу: