14
Сәрсенбі, Қараша

һижри

Меккеде бас мүфти атынан дастархан жайылды (ФОТО)

Меккеде бас мүфти атынан дастархан жайылды (ФОТО)

Жаһан
Шрифт

20 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Меккеде бас мүфти атынан 300 қажыға дастархан жайылды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

 

Мекке шаһарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан 300 қажыға дастархан жайылды.

Іс-шараға Қажылық миссиясының мүшелері, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, қажылық фирмаларының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдары, т.б. меймандар қатысты.

Берекелі басқосуды ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жүргізді.

Алғашқы сөз алған Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы Бас мүфтидің дұғай сəлемін жеткізіп, ізгі ниеті мен тілегін білдірді.

Бас консул Талғат Рақымқұлұлы қажыларға ұлы сапарда сабырлық пен төзімділік тіледі.

ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының əсерлі уағызы қажылардың жүрегін тебірентті.

Шара соңында ақсақалдар бата беріп, алғысы мен жылы лебізін жеткізді.

WhatsApp Image 2018 08 19 at 03.03.48

WhatsApp Image 2018 08 19 at 03.03.40

WhatsApp Image 2018 08 19 at 03.03.43

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша