19
Жұма,
Сәуір

һижри

Жапония мұсылмандар үшін арнайы халал ас дайындайды

Жапония мұсылмандар үшін арнайы халал ас дайындайды

Жаһан
Жарнама

19 қараша. АСТАНА. Ummet.kz – Жапония Токио-2020 Олимпиада ойындары кезінде мұсылмандар үшін арнайы халал ас дайындайды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жапон мейрамханалары 2020 жылы болатын Олимпиада және Паралимпиада кезінде мұсылмандар үшін арнайы халал меню  ұсынады деп жазады The Japan News.

Дегенмен, мейрамханалар әдеттегі ас мәзірінен яғни ұлттық тағам түрлерінен бас тартпайды. Тек кейбір қоспаларды мұсылмандар қолданатын түрлеріне ауыстырмақ.

Қыркүйек айында жапон аспаздарына халал ас дайындаудың алғашқы сабақтары өтті. Ол үшін халал талаптарына сай тауық еті мен сиыр еті өзге елдерден арнайы жеткізілді. Сонымен бірге бас аспаздар құрамында алкоголі бар саке, уксус және мирина қоспаларын қолданбай соус дайындауды үйренді.

«Нағыз қонақжайлылық қонақтарға жайылған дастарханның молдығымен өлшенеді», - деді Жапон халал ассоциациясының директоры.

Бөлісу: