Меню

12
Сенбі,
Сәуір
14
Шәууәл
1446 һижри

Елбасы Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жаһан
Жарнама

27 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды aqorda.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», - делінген жеделхатта.

Бөлісу: