23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті кеңейтіледі

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті кеңейтіледі

Жаһан
Жарнама

19 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Сауд Арабиясының Мәдина қаласында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті территориясын кеңейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды kazisalm.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мешіт ауласын кеңейту кешеннің батыс тарапынан жүргізіледі.  Қазіргі уақытта Мәдинаның құрылыс жөніндегі басқармасы мешіттің батысында Ас-Салям музейінен өзге ғимараттарды сүріп жатыр, деп жазады Saudi Gazette.

Ғимараттарды сүру жұмыстары 15 күнге жалғасады, осы уақыт аралығында Пайғамбар мешіті сарайының №8-15 қақпалары жабық болады.

Мешітті кеңейту жобасына Сук Аль-Манах базар территориясы да кіреді, осыған байланысты ондағы барлық саудагерлерге көшу туралы ескертпе берілген. Мәдина әмірі Файсал бин Салман ханзада сауда иелеріне жаңа орын табу туралы уәкілетті орган басшыларына тапсырма жүктеген.

Бөлісу: