21
Бейсенбі, Ақпан

һижри

Мұсылмандар Нью-Йорк тәртібін бақылайды

Мұсылмандар Нью-Йорк тәртібін бақылайды

Жаһан
Шрифт

8 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Нью-Йоркте «Мұсылман қоғамдық патрулі» жобасы өткен жылы пайда болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көк жолақты Ford маркілі көлік қаланың тәртібі нашар шағын аудандарын аралап, полицияға тәртіпті реттеуге көмексетіп жүр, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Белсенді топтың бұл бастамасын кейбірі қолдаса, енді бірі кері пікір білдіруде.

«38 жастағы бруклиндік Әли өзінің төрт баласының қауіпсіздігін ойлайды. Ол Құрама штатқа 1990 жылы көшіп келген. Сол уақытта мұсылман бауырларына әрқашан қолдау көрсетуге уәде еткен. Осылайша Әли осы ерікті топтың алғашқы мүшелерінің бірі болды… Жуырда мұсылмандардан құралған топ 72 полиция бөлімшесінің кезекші офицерлерінің жетекшілігімен арнайы оқу жаттығуынан өтті» деп жазады америкалық басылым.

«Басында қоғамның көзқарасы өзгеше болды. Тіптен мұсылман қауымы арасында да дұрыс түсінбегендер бар еді. Кейіннен барлығы үйреністі. Оның үстіне ешбір қарусыз белсенді топ араб, парсы және тағы басқа шығыс тілдерін білетіндіктен аудармашы қызметтерін де көрсетеді. Олар ұлттық мәдени мәселелерін полиция қызметкерлерінен де артық біледі. Күдікті әрекеттер, жол-көлік оқиғалары болса дереу полицияға хабар жеткізеді» деп хабарлайды The New York Times.

Пікір жазу

Қауіпсіздік коды
Жаңарту