25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Индонезия «жасыл» сукук шығарды

Индонезия «жасыл» сукук шығарды

Жаһан
Жарнама

20 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Индонезия үкіметі жалпы сомасы 2,27 млрд долларға тең «жасыл» сукукпен ислам облигациясының әлемдік нарығына шықты, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Индонезия құны 750 млн доллар  болатын 5,5 жылдық ислам бонды мен 1,52 млрд долларға тең 10 жылдық құнды қағазды шығарды.

Бірінші бөліктің кірісі 3,9% болса, екінші бөлігі  – 4,45%. Халықаралық қатысушылар тарапынан қызығушылықтың артуымен ислам облигациясына деген инвесторлар сұранысы 3,8 есеге артқан.

The Jakarta Post ақпарат көзінің хабарлауынша, индонезиялық сукук Сингапур қор биржасы мен Біріккен араб әмірлігінің NASDAQ Dubai листингінде тіркелетін болады.

Бөлісу: