Меню

07
Дүйсенбі,
Сәуір
9
Шәууәл
1446 һижри

Қасиетті орында балабақша ашылды

Қасиетті орында балабақша ашылды

Жаһан
Жарнама

 13 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қасиетті Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешіті маңынан балабақша ашылды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Саудиялық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, балабақша әйгілі Сағат мұнарасы ғимаратында орналасқан. Күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі орыннан балабақша ашуға Сауд Арабиясына қажылыққа келетін мұсылмандарға қолайлы жағдай жасау себеп болған.

Арнаулы балабақшада қажылар діни рәсім кезінде балаларын қалдырып кетуіне болады.  Ал осы уақыт аралығында балалармен мамандандырылған педагог әйелдер жұмыс істейді.

Бөлісу: