21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Елбасы Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Жаһан
Жарнама

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды aqorda.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен «Zayed Sports City» стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Биылғы 14-21 наурыз аралығында Абу-Даби қаласында өтетін Арнайы Олимпиада ойындары - Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы.

Бұл шараға әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысуда.

Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.

07ff3ff81713dcbb2008b8b95c9af6b9

a7ece397baf23fae0f1e42b24adbf1b0

f8b77fe79953aa1e7fe70e21f0c2e2e2

5173027c963b2b3f8c8402b0a5e27526

 

Бөлісу: