26
Сәрсенбі, Маусым

һижри

Түйемен дүниежүзілік саяхатқа шықты

Түйемен дүниежүзілік саяхатқа шықты

Жаһан
Жарнама

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ирандық спортшы әрі саяхатшы Мохаммад Амири-Роудан әлемді түйемен аралауға шықты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Мохаммад Амири-Роудан түйемен саяхатын 23-мамырда Иранның Хормозган аймағындағы Сирик өңірінен бастады. Жиһанкездің сапарына Хормозганнан шығу себебі – туған жерін таныту, өңірдегі туристік жәдігерлер мен мәдени құндылықтарды әлем жұртшылығына паш ету, деп мәлімдеді CHTN.

Экзотикалық саяхат екі жарым жылда бітеді деп жоспарлануда. Иранның басқа да өңірлерін аралап Әзірбайжанға жетуді мақсат еткен Амири-Роуданның маршрутында  47 мемлекет көзделген. Ол Азия, Еуропа, Африка елдері мен АҚШ-ты аралап, нәтижесінде Түркіменстан арқылы өз Отанына оралмақшы.

Спортшының саяхатшы ретінде 20 жылдық тәжірибесі бар.

 

Бөлісу: