Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде жамағатқа «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы үлестірілді.
Аталған кітапта қасиетті Рамазан айына байланысты жамағат арасында жиі қойылатын сауалдар топтастырылған. Онда оразаның шарттары, ауыз бекіту мен ауыз ашуға қатысты мәселелер, пітір садақа, тарауих намазы және күнделікті құлшылық барысында туындайтын түрлі жағдайларға байланысты сұрақтарға нақты жауаптар берілген.
Кітаптың мақсаты рамазан айындағы құлшылықтарды дұрыс орындауға бағыт-бағдар беру, жамағаттың діни сауаттылығын арттыру. Осы арқылы мешітке келушілер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап тауып, оразаға қатысты үкімдерді түсініп, құлшылықтарын саналы түрде орындауға мүмкіндік алады.







