30
Дүйсенбі,
Наурыз

һижри

Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша қыздар арасында V республикалық байқау өтеді

Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша қыздар арасында V республикалық байқау өтеді

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында V республикалық байқау өтеді.

Алла Тағала Құран Кәрімде игілікте жарысуды бұйырған болатын. Яғни Алланың кәламын жаттау мен оқу арқылы жарысуға үндеді. Хақ Тағаланың осы үндеуін орындау мақсатында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қыздар арасында бесінші байқауды 25-26 сәуір аралығында Түркістан қаласында өткізеді.

Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқау қарилардың Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа қатысушы қыздар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынай алады. Үміткердің құжаттары 2026 жылдың 16 сәуіріне дейін қабылданады.

Үміткер қыздарға қойылатын талаптар:
– үміткердің Қазақстанның азаматы болуы міндетті;
– әйел адам болуы шарт;
– үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы қажет;
– үміткер бір номинацияға ғана қатыса алады;
– әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы тиіс;
– жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
– жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы керек;
– үміткер өз облысындағы ҚМДБ өкілдігінің жолдамасымен келуі шарт;
– әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
– Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша республикалық жарыстардың жүлдегерлері жарысқа қатыса алмайды.

Үміткер қыздардан талап етілетін құжаттар:
– анкета (бекітілген үлгі бойынша);
– жеке куәлік (паспорт) көшірмесі;
– ҚМДБ-ның өңірдегі бас имамының ұсыныс хаты (жолдамасы).

Ұйымдастырушылар:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы;
ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігі;
ҚМДБ-ның облыстардағы өкілдіктері.

Қосымша сұрақтар үшін:
Ахметов Серік қари (+77027583858)

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: