Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапар аясында Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне қаржылай сертификат табыстады.
Аталған шараға университет ректоры, доктор, профессор Ахмет Хусейн Мұхаммад Ибраһим және оқу орнының проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып, қайырымды бастаманың маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры демеушілігімен жасалған 10 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек алдағы уақытта Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде жүзеге асырылатын түрлі жобаларды қолдауға бағытталмақ.