03
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бірлік күнінің маңызын атап өтті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бірлік күнінің маңызын атап өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуге бағытталған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атауымен өткен рухани-мәдени іс-шарада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша жамағатты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Баршаңызды мамыражай мамырдың алғашқы күнінде атап өтетін бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала еліміздің әр азаматына бақыт пен береке, татулық пен бірлік нәсіп етсін. 

Қоғамның даму жолында халықтың бірлігі қашан да қымбат құндылық болған. Ислам діні барша ұлтты татулықта, өзара құрмет пен келісім аясында өмір сүруге үндейді. Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда адамзат баласына: «Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят), – деп бұйырған. Дана халқымыз: «Ырыс алды – ынтымақ», – дейді. Бірлігі бекем елге береке орнайды.

Төле би бабамыздың: «Бірлік болмай, тірлік болмас», – деуі де тегін емес. Ғұлама Қожа Ахмет Ясауи қандай да халықтың кемелдік пен еркіндікке жетуі үшін ең әуелі заман қажет дейді. Заманның мазмұны – тыныштық. Екінші шарт – макан. Оның мазмұны – Отан. Отансыз еркіндіктің де, тыныштықтың да мәні жоқ. Үшінші шарт бауырмалдық. Ойшыл бабамыз: «Бір Отанда, бір уақытта тіршілік етіп жатқан адамдардың арасында өзара туыстық, бауырмалдық болмаса бәрі бос» деген» – деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы ел ішіндегі бірлік пен рухани тұрақтылықты нығайту жолында барлық дін қызметкерлерін белсенді қызмет етуге үндеп, мемлекет тыныштығы мен тұтастығына игі ниетін жеткізді.












Бөлісу: