02
Сенбі,
Қараша

һижри

Ашура күніне орай қанша күн ораза ұстасам болады?

Ашура күніне орай қанша күн ораза ұстасам болады?

Сұрақ-Жауап

Ашура күні ораза ұстау нәпіл (міндетті емес) ғибадаттардың бірі болып саналады. Әуелде бұл күні ораза ұстау уәжіп (міндетті) болған. Алайда, Рамазан айында ораза тұту парыз етілген соң Пайғамбар (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Ашура күнінде ораза тұтуды ерікті ғибадат болып қалған. Нәпіл ғибадаттар Алла разылығына жеткізіп, күнәнің кешірілуіне себеп болатын аса сауапты амалдар болғандықтан бұл оразадан да құр қалмаған дұрыс.

Ерікті ораза болса да, бұл күнгі оразаны Алла Елшісі (с.ғ.с.) ерекше күтетін болған. Бұхари риуаят еткен хадисте былай делінеді:

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَتَحَرَّى صِيَامَ يَوْمٍ فَضَّلَهُ عَلَى غَيْرِهِ إِلاَّ هَذَا الْيَوْمَ يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَهَذَا الشَّهْرَ يَعْنِي شَهْرَ رَمَضَانَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) Ашура күні және Рамазан айынан өзге күнді ораза тұту үшін ардақтап, күткенін көрмедім».

Ханафи мазһабындағы атақты пәтуа еңбектерінің бірі болған «әл-Фәтәуә әл-Һиндия» атты кітапта «Ашура күнімен бірге оның алдындағы мұхаррам айының тоғызыншы күнін бірге тұту сүннет. Ал Ашура күнін жалғыз тұту мәкрүһ» делінген. Дегенмен, өзге мазһабтарда Ашураны күнін жалғыз тұту мәкрүһ іске саналмайды.

Ибн Хажар әл-Әсқалани өзінің «Фатхул-Бари» атты еңбегінде: «Ашура оразасы үш деңгейлі: ең азы сол күнді ғана тұту; екіншісі оның алдындағы күнмен бірге тұту; ең көбі алдындағы және артындағы күндермен қосып үш күн етіп тұту».

Сондықтан да, Ханафи мазһабы бойынша Ашура оразасы ұстау – сүннет.

Ескеретін бір жайт; Яһудилердің амалына ұқсап қалатындықтан Ашура күнін жеке-дара тұтқанды тәнзиһан мәкрүһ (кінәсі аз ұнамсыз іс) деп айтылған. Сол үшін де Ашура күні ғана ораза тұтпастан, не алдыңғы, не кейінгі күнді қосып тұтуы керек.

Бұл күн айтізбе бойынша Мұхаррам айының оныншы күніне келеді. Қазіргі күнтізбеміз бойынша 2019 жылғыы Ашура күні 9 қыркүйекке сәйкес келеді.

Ummet.kz

Бөлісу: