22
Жұма,
Қараша

һижри

Салық төлеген адамнан зекет парызы түседі ме?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Салық төлеген адамнан зекет  парызы түседі ме?

Жауап:  Салық – азаматтардың өз мемлекетіне қатысты мемлекеттік заңнамамен қарастырылған міндеті.

Зекет – ауқатты кісілердің кедейлерге беретін Алланың міндеттеген парызы. Ең бастысы бұл – құлшылық. Алла елшісі (с.ғ.с) Муаз ибн Жәбәлді Йеменге аттандырғалы тұрғанда оған мынандай сөздер айтады: «Оларға Алла зекет беруді бұйырғандығын білдір. Зекет байлардан алынып, кедейлерге таратылады».

Мемлекет өндіріп алатын салық, қалай болғанда да азаматтарға қызмет көрсету арқылы қайтарылады, ал зекет тек кедейлерге бұйырған нәсіп.

Қортындылай келе айтарымыз, мемлекетке салық төлейтін бай мұсылман адам, сонымен қатар өз мүлігінен кедейлердің пайдасына да зекет  төлеуі тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер:

«Күнделікті діни сауалдарға жауаптар», Алтынбек Ұтысханұлы.

Бөлісу: