20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Серік қосқанды Алла кешіре ме?

Сұрақ-Жауап

- Бір кісі білместен Аллаға серік қосқан одан кейін тәубесіне келсе Алла тағала оны кешіре ме?

- «Ниса» сүресінің 48-аятында: "Алла тағала Өзіне ортақ (серік) қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады",-деп әмір етілген.

 Бұл аят тәпсірінде: «Алла тағала Өзіне бір нәрсені серік еткен адамды кешпейді. Яғни пендесі Алла құзырына мүшрік болып барса, кешірілмейді. Алла тағала қалаған пендесінің бұдан басқа барлық күнәсін кешеді»,-деп айтылған.

Осы аятпен байланысы бар бірнеше хадистерді айтып көрелік:

Әнас бин Маликтен (р.а.), Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Зұлымдық үшеу. Бірі Алла тағала мүлдем кешпейтін зұлымдық, бірі Алла тағала қалағанын кешетін зұлымдық және бірі Алла тағала ешбірін қалдырмай есеп алатын зұлымдық. Алла тағаланың кешпейтін зұлымдығы шірк (серік қосу), Алла тағаланың кешетін зұлымдығы пенделердің өздері мен Жаратушы арасындағы амалда өздеріне зұлымдық етулері. Ал, Алла тағала ешбірін қалдырмай есеп алатын зұлымдық пенделердің бір-біріне жасаған зұлымдығы. Пенделер бір-бірінің ақысын бермейінше Алла тағала кешпейді",-деген (Бухари мен Муслим).

Әбу Идрис айтады: «Мен Мұғауиядан, ол Алла елшісінен (с.ғ.с.): "Барлық күнәні Алла тағала кешуі мүмкін. Тек кәпір болып өлген немесе мұсылман баласын қасақана өлтірген адамның күнәсін кешпейді", - дегенін естідім.

Жабир (р.а.) айтады: «Алла елшісіне (с.ғ.с.) бір кісі келіп: «Уа, Расулулла! екі уәжіп (міндетті іс) не?» - деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): "Кімде-кім Алла тағалаға серік қоспай қайтыс болса, оған жәннат уәжіп. Ал, кімде-кім Алла тағалаға серік қосып жүріп қайтыс болса, оған тозақ уәжіп",-деп жауап берді.

Демек, кісі білместен Аллаға серік қосқан болса, ертерек Аллаға тәубе еткені абзал.

Бөлісу: