21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Лото ұтыс ойыны дұрыс па?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Лото ұтыс ойыны дұрыс па?

Жауап: Бұл ойынның казинодан ешқандай айырмашылығы жоқ. Көптеген адамдар маңдай терін төгіп тапқан ақшасын отбасының нәпақасынан жырып, осы ұтыс ойындарына құйып жатады.

Бұл жердегі ұтушы кездейсоқтық қана. Бұл да құмар ойындарының қатарына кіреді.Өйткені ол жерде жеңіл жолмен, күш жұмсамай пайда табу мақсаты көзделген. Табыс табудың бұл жолы Исламда құпталмайды. Абдулла ибн Омардың (р.ғ.): «Құмар ойын – еңбексіз, оңай табыспен келеді», – деген сөзі бар. Сондай-ақ, ибн Жәриж Ата ибн Мәйсараның: «Еңбексіз, жеңіл жолмен келетін көлденең табыстың бәрі құмар ойын», – деп бағалағанын жеткізген.

Ислам діні көптеген пайдалы ойындарды халал деп, ал кез-келген құмар ойыны араласқан ойындарды харам еткен. Құранда Алла Тағала: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар»,-деп қайтарған.

 

Бөлісу: