21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Кез келген киіммен намаз оқу дұрыс па?

Сұрақ-Жауап

Жауап:  Уағалайкумассалам. «Фатиха» сүресінен кейін оқылатын сүрелерді құрандағы көрсетілген ретпен оқу керек. Егер, парыз намаздарында әдейілеп тәртіп сақтамаса мәкруh болып табылады [1]. Ал, егер жаңылысып ретсіз оқыса, сәhу сәжде жасамайды.

    Парыз намазда қысқа сүрелерді оқығанда екі сүре арасында бір сүрені тастап оқу мәкруһ. Мәселен, бірінші рәкағатқа «кафирун» сүресін, екінші рәкағатқа «насыр» сүресін оқымастан  «Масад» сүресін оқу.[2] Ал егер арада екі сүре қалдырып оқыса, оның еш айыбы жоқ.  

Екінші сауалыңызға келер болсақ, құранда:"خُذُوا زِينَتَهُمْ عِنْدَ كًلِّ مَسْجِد"  [3] «Әр намазда әуреттеріңді жабыңдар», - деген аят бар.  Фиқh ғалымдары аталмыш аятты «намазда әйел баласы дене-бітімін сипаттап, көрсетіп тұратын киіммен оқуы дұрыс болмайды, әуретін толық жабатын, жасыратын кең киіммен оқу керек» деп түсіндіреді.

Дәурен Жақыпжанов,

«Нұр Астана» мешітінің найб имамы

Бөлісу: