22
Жұма,
Қараша

һижри

Құран оқу ма, әлде зікір айту артық па?

Сұрақ-Жауап

Сауал: Мен күнделікті Құран оқимын. Алайда кейбіреулер зікір айтуды артық көреді. Қайсысы дұрыс? Асқар.

Жауап: Құрметті Асқар! Ғұламалар Құран Кәрім оқуды зікір атаулының баршасынан артық көрген. Мына төмендегі ғұламалар сөзі осыған дәлел бола алады.

Имам Науауи  (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді.

«Сенімді ғұламалар арасындағы бұл мәселе жөніндегі ең дұрыс көзқарас: Құран Кәрім оқу - тәсбих[1], тәһлил[2] және тағы да басқа зікірлерден абзал болып табылады»[3].

Шейх Абдулла Сиражуддин (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді.

«Мұның дәлелі имам Тирмизидің (Алла оны рақымына бөлесін!) сахаба Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын!) пайғамбарымыздан (صلي الله عليه وسلم) риуаят етілген мына бір хадис[4].

«Алла сөзінің өзге сөздерден артықшылығы, Алланың өзге махлұқаттан артықшылығы секілді»[5].

fatua.kz



[1] Яғни, «Субханаллаһ» деп айту. Мағынасы: «Уа Аллаһым! Мен сені барша кемшілік атаулыдан сені пәктеймін».

[2] Яғни, «Лә иләәһә илләллаһ» деп айту. Мағынасы: «Алладан өзге( құлшылыққа лайық) ешбір тәңір жоқ».

[3] Әт-Тибиян ли-Хамалатил-Құран, 20 бет.

[4] Тилауатил-Құранил-Мәжид, 58 бет.

[5] Хадисті имам Тирмизи риуаят еткен.

Бөлісу: