22
Жұма,
Қараша

һижри

Ораза ұстауға ниетім бар, бірақ асқазаным ауырады. Не істесем болады?

Сұрақ-Жауап

Қайырлы күн. осы жылы ораза ұстауға ниет бар, бірақ асқазан ауыруымен ауырамын (гастрит) және дәрігерлер аш жүруге тыйым салған. Қандай кеңес бере аласыздар? Жеңісбек

Жауап: Жылдың басқа мезгілінде де ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және ораза ұстай алмайтын ауруға (өмірбойы ауыратын) ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Оларға қазасын өтеу де шарт емес. Оларға тек күніне бір міскінді тамақтандыру - уәжіп.

قال تعالى: ﴿فمن كان منكم مريضا أو على سفر فعدة من أيام أخر و على الذين يطيقونه فدية طعام مسكين﴾ البقرة ۱٨٤

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Егер сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде ұстасын. Және сондай оразаға күші жетпейтіндер (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын берсін» ("Бақара" 184)- деген.  

ummet.kz

Бөлісу: