03
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Санаулы секундтарда миллиардтаған сауапқа кенелу жолы

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Осы дүниеде өмір сүрген баршама мұсылмандар үшін дұға жасасаң, бірнеше секунд ішінде миллиард сауапқа ие боласың дегенді естідім. Сондай дұға расымен де бар ма?

Жауап:

Бұл жерде, бәлкім мына дұға жайлы айтылып отыр:

Убада ибн Самит атты сахаба (Алла оған разы болсын), Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізеді:

«Кімде-кім, барлық мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер үшін Алладан кешірім сұрайтын болса, сол адамдардың санындай сауап алады» (хадисті имам Табарани жақсы иснадпен келтіреді. Қараңыз: Мәжмау з-Зауаид, 10 т. 210 б.).

Әлемде, бүгінгі таңда шамамен 1 миллиард мұсылман өмір сүреді. Егерде адам әр қайсысы  үшін Алладан кешірім сұрайтын болса, ол, Алла қаласа, әр адам үшін сауап алады. Ал егер, ол сонымен қоса қайтыс болған мұсылмандар үшін  сұрайтын болса, алатын сауабының саны бірнешеге арта түседі!

Бұл дұғаны кез келген тілде, өз сөзіңізбен айта беруіңізге болады. 

Ал Алла тағала жақсы білуші

 

 

Azan.kz

Бөлісу: