Сұрақ: Ассаламуалайкум құрметті имам. Сапарда жүріп намазымды қаза қылып алған едім. Сапар намазын қысқартып оқу керектігін білемін. Енді мен қазасын толық етіп оқуым керек пе әлде сапардағыдай қысқартып оқиын ба? Бақыт...
Жауап: Уа алайкум ассалам. Намаз өз уақытында қалай оқылу керек болса, қазасы да солай оқылады. Жолаушының сапари екі рәкаты қаза болса мейлі еліне оралсын, мейлі әлі сапарда жүрсін қазасын қысқартып оқиды. Өйткені парыз намаздың оқылу түрі уақыттың шығуымен өзгермейді[1]. Егер тұрғынның төрт рәкаттық намазы қаза болса, сапарда жүрсе де, тұрғын болса да, қазасын төрт рәкат етіп толық оқиды[2]
[1]Әз-Зухайли 343-б.
[2]Абдулхамид Тахмаз «Фихһул-ханафи фи сәубиһил-жәдид 315-б»
«Ислам ғылымхалы (Әбу Ханифа бойынша)»