26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Жүніп» күйінде дұға етуге бола ма

«Жүніп» күйінде дұға етуге бола ма

Сұрақ-Жауап

Шариғатымызда жүніп күйінде бола тұра Алланы еске алып, жалбарыну күнә саналмайды. Бұған Айша анамыздан (р.а) Мүслим арқылы жеткізілген хадис дәлел. Онда: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кез келген күйде Алланы есіне алатын» делінген.

Осы хадисті негізге ала отырып, «БисмилляҺ», «ӘлхамдулилляҺ» және осы сияқты дұғаларды айтуға, дұға мағынасындағы «Фатиха», «Аятүл-күрсі», «Ықылас» сияқты сүрелер мен аяттарды оқуға кез келген жағдайда рұқсат етілетіндігі  туралы тұжырым жасауға болады. Ғұсыл алмаған күйдегі адамға аталған сүрелер мен аяттарды өзі үшін және басқалар үшін де көз тиюден басқа да сырқаттардан қорғану мақсатында оқуға да болады. Кейбір адамдардың «жүніп» күйінде, етеккір мен босанудан кейінгі қан кетулер барысында «аузу-бисмилляһ» деп айтушы болма, азан тыңдама, оны қайталама, тіпті балаға көмек беру үшін көз тиюден қорғайтын дұғаларды оқыма!» деп айтуы мүлдем жаңсақ пікір. Жоғарыда түсіндіріліп кеткендей, мұсылман адамның өз Жаратушысын еске алуға еш жерде тыйым салынбаған. Алайда мүмкіншілік болса ғұсылмен дұға еткен абзал.

Ummet.kz

Бөлісу: