19
Сәрсенбі, Қыркүйек

һижри

Ат қою рәсімдерін білеміз бе?

Ат қою рәсімдерін білеміз бе?

Сұрақ-Жауап
Шрифт

Саламатсыз ба, балаға азан шақырып, ат қою рәсімі қалай атқарылады? Мешіттен имам шақырту шарт па?

Ислам дінінде сәби өмірге келгенде әке-шешенің орындауға тиісті міндеттерінің бірі, баланың құлағына азан шақырып жақсы ат қою. Бұл Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бері келе жатқан сүннет амал.

Азанды білген кез келген мұсылман баланың атын қоя алады. Міндетті түрде имамның немесе молданың азан шақыруы шарт емес. Егер де жас кезінде балаға қандай да бір жағдайлармен азан шақырылмаса, есейген кезінде де шақыра беруге рұқсат. Ал, азан шақырып ат қоюдың тәртібіне келер болсақ, ең әуелі азаншы құбылаға жүзін қаратып сәбидің оң құлағына азан шақырады да, үш рет атын айтады. Кейін екінші жағына, яғни сол құлағына қамат түсіріп, үш рет аты аталады. Міне, осыдан кейін жақсы тілек тілеуге де болады. Оң жағына азан, сол жағына қамат түсіруінің бір себебі, екеуі намаздардың алдында да әрдайым қатар келеді. Дәл осы секілді нәрестеге екеуі қатар айтылады.

Алайда, жас нәрестенің кұлағына азан мен қамат айтылғанымен намаз оқылмайды. Осы оқылмаған намаз адам өмірден өткен кезде азан, қаматсыз өтеліп барып, жерленеді. Бұл намаз «жаназа намазы» деп аталады. Бұдан алатын ғибрат адамның өмірге келіп, кетуі бейне бір азан, қамат айтылған соң намаздың дереу басталатыны секілді, қысқа ғана өмір берілгенін көрсетеді. Өмірдің қысқа екенін осылай білген жан, Аллаға жақындайтын, Алла разы болатын амалдарды мол істейтін болады. Азан мен қаматтың мәтіні төмендегідей:

Аллаһу акбәр, Аллаһу акбар!

Аллаһу акбэр, Аллаһу акбар!

Әшһәду әллә иләәһә иллаллааһ

Әшһэду әллә иләһә иллаллааһ

Әшһэду әннә Мухаммәдәр расуулуллааһ

Әшһэду әннә Мухаммэдэр расуулуллааһ

Хаииэ ьаләссаләәһ

Хаииэ ьаләссаләәһ

Хаииә ьаләл фэләәх

Хаииэ ьаләл фәләәх

Аллаһу акбәр, Аллааһу акбәр

Ләә иләәһә иллаллааһ

(Азан шақырылып болған соң оң кұлағына аты үш рет айтылады, осыдан кейін сол қүлағына қаматты тура азандағы сөздерді айтып, соңына қарай «хаииә ьалал фалах» сөзінен соң «қад қамәтиссаләһ» деп екі рет айтқан соң қалған сөздерді айтумен бітіреді. Қаматтан кейін де үш рет аты аталады.)

Ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша