21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Алты күндік ораза сауабының бір жылдық болуын қалай түсінуге болады?

Алты күндік ораза сауабының бір жылдық болуын қалай түсінуге болады?

Сұрақ-Жауап

Саламатсыз ба, Шәууәл айындағы алты күндік ораза сауабының бір жылдық болуын қалай түсінуге болады?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей»[1], - деп,  бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген. 

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі»[2] – деген. Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға болмайтын Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың төрт күні. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз. Міне, бұл да Жаратушы Иеміздің бізге деген шексіз мейірімі.

 fatua.kz


[1] Хадисті имам Мүслім, имам Ахмад ибн Ханбал және имам Тирмизи риуаят еткен

[2] «Әнғам» сүресі, 161-аят

Бөлісу: