29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Адал табыс табу қаншалықты маңызды?

Адал табыс табу қаншалықты маңызды?

Сұрақ-Жауап

Ассәләмуғаләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ! Әлеуметтік желіде «харам ас жегеннің дұғасы қабыл болмайды» дегенді оқыдым. Нақтысын білмеймін, бірақ осы мағынада. Бұл қаншалықты рас?

Уааләйкүмүссәләм уә рахматуллаһи уа бәрәкәтүһ! Табыс көзі адал болуы және дастарқандағы астың адал болуы өте маңызды. Бұған қатысты сахаба Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Уа, адамдар! Ақиқатында Алла Тағала – Таиб (кемшілік атаулыдан таза) және тек тазаны ғана қабыл етеді. Алла Тағала мұсылмандарға Елшілеріне әмір еткенді орындауды бұйырады. Алла Тағала: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер... »[1], сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер... »[2], - деген. Адам ұзақ сапар шегіп, үсті басы шаң-тозаң болып екі қолын көкке көтеріп: «Раббым, Раббым», – дейді. Алайда, асы – харам, сусыны – харам, киімі – харам және хараммен азықтанған. Оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?»[3], - деген хадис риуаят еткен.

Түйіндей айтатын болсақ, хадисте айтылғандай адам тұтынатын барлық зат адал табыс арқылы келген болуы шарт. Әйтпеген жағдайда, адамның дұға-тілегі қабыл болмайды.

Руслан ҚАМБАР


[1] Муминун сүресі, 51-аят

[2] Бақара сүресі, 172-аят

[3] Муслим

Бөлісу: