04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Мәйітті қандай адам жууы керек?

Мәйітті қандай адам жууы керек?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкум! Мәйітті қандай адамдар жуындырған дұрыс?

Жауап: Уағалайкум әссәләм! Мәйітті жууға лайықты кісі - ең жақын туысы. Алайда, мәйітті жуатын адамның дәрет алу, ғұсыл алу, мәйіт жууға қатысты үкімдер мен амалдардың ақ-қарасын ажырата алатын сауаты бар, шариғаттан хабардар болуы керек. 

Мәйітті жуатын адам әдепті де тақуа болуы - мұстахаб. "Әл-Аламгирия пәтуасында" да осылай делінген. Бұлай болуының бір себебі мынада; Мәйітті жуу кезінде мәйіттің кемшілігін (иістенгені немесе т.б. кемшіліктерін) айтпау қажет. Бұған қатысты ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:"Кім мәйітті жуындырса, оған қатысты аманатты атқарса, одан көрген нәрсесін жасырса, күнәларынан анасынан туған күндегідей тазарып шығады" (Ибн Мәжә риуаяты).

Мәйітті жуындыруға түсетін адамның жүніп не етеккір күйде болуы - мәкруһ. 

Ал, мәйітті жуып болғаннан кейін, кебіндемей тұрып, мәйіт денесін құрғатып сүрту қажет.

ummet.kz

Бөлісу: