22
Жұма,
Қараша

һижри

Уәденің маңызы

Мінбер

Уәде – шыншылдық пен әділдіктің бауыры. Ал, опасыздық – өтірік пен әділетсіздіктің жақыны. Уәдеде тұру – тілмен шындықты айтып, іспен соны жүзеге асыру.

 

Уәденің түрлері

 

Уәде екі түрлі болады:

Біріншісі: Аллаға қатысты уәде. Алла Тағала мен адамдардың арасындағы уәделесу. Мұны «Әл-мисақ» дейді, мағынасы «сөз, уәде беру», «келісім-шарт жасасу» дегенді білдіреді. Әл-мисақ – адам мен Алла арасындағы алғашқы серттесу. Құран Кәрімнің Ағъраф сүресінің 172-аятында “Әл-мисақ” уәдесі туралы айтылған. Жаратушы Иеміз адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ  “Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?” – деп сұрағанда, олар: بَلَى شَهِدْنَا “Әрине куәміз” деп жауап қатты. Қиямет күні: “Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер”,- деп ескертті. Қазақ  қоғамындағы “Қашаннан бері мұсылмансың?” деген сұраққа “Әлімсақтан бері мұсылманмын” деп жауап беру салты осыған негізделген. Яғни, Алла Тағала әл-мисақта күллі адам баласынан жалғыз Өзіне ғана құлшылық етуге, Оған еш нәрсені ортақ қоспауға уәде алды. Ендеше, әрбір пенде Аллаға берген осы уәдеге берік болуы тиіс.

Муаъз ибн Жәбәл (р.ғ.) бірде Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге есекке мінгесіп келе жатып, пайғамбардың (с.ғ.с.): «Әй, Муаъз! Алла Тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Алладағы хақысы туралы білесің бе?» деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаъз (р.ғ.): «Алла мен Оның елшісі оны артық біледі» деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 

 

فَإِنَّ حَقَّ اللّهِ عَلَى الْعِبَادِ أَنْ يَعْبُدُوا اللّهِ وَلاَ يُشْرِكُوا بِهِ شَيْئاً. وَحَقُّ الْعِبَادِ عَلَى اللّهِ عَزَّ وَجَلَّ أَنْ لاَ يُعَذِّبَ مَنْ لاَ يُشْرِكُ بِهِ شَيْئاً

 

«Алла Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаға құлшылық қылып, оған серік қоспауы. Ал құлдардың Алладағы хақысы – кімде-кім Аллаға серік қоспаса, сол адамды азаптамауы»,-деп айтты. (Хадисті имам Бұхари, Муслим риуаят етті).

Алла Тағала айтты:

 

وَأَوْفُواْ بِعَهْدِي أُوفِ بِعَهْدِكُمْ وَإِيَّايَ فَارْهَبُونِ

 

«Менің сертіме берік болыңдар. Мен де сендерге берген сертті сақтаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар». (Бақара сүресі, 40 аят).

Ибн Кәсир (р.х.) бұл аяттың тәпсірінде: «Аса Ұлы Аллаға берген серттеріңде берік болыңдар. Күнәлары себепті ата-бабаларың жазаланғандай жазаға тартылудан қорқып, сақтаныңдар»,-деп түсінік берді.

Екіншісі: Адам мен адамның арасындағы уәде. Яғни, өзара бір-бірлерімен уәделесулері. Бұл жөнінде Құран Кәрімде:

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَوْفُواْ بِالْعُقُودِ

 

«Ей, иман келтіргендер! Берген уәделеріңнің шарттарын толық орындаңдар»,-деп бұйырды. (Мәйда сүресі, 1-аят).

 

Алла уәдеде тұрушыларды ең әдемі сипттармен сипаттады:

 

Алла Тағала Құранда:

 

وَالْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَاهَدُواْ وَالصَّابِرِينَ فِي الْبَأْسَاء والضَّرَّاء وَحِينَ الْبَأْسِ أُولَـئِكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَأُولَـئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ

 

«Уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар». (Бақара сүресі, 177 аят).

Келесі аятта:

 

بَلَى مَنْ أَوْفَى بِعَهْدِهِ وَاتَّقَى فَإِنَّ اللّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ

 

«Олай емес! Кім өз уәдесін орындаса, Алладан қорықса, расында Алла тақуаларды жақсы көреді» (Әли Имран сүресі, 76 аят).

Мына аятта:

 

وَالَّذِينَ هُمْ لأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ

 

«Олар аманаттарын, уәделерін қорғаушы» (Муминун сүресі, 8 аят).

Тағы бір аятта:

 

اَلَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَلاَ يَنقُضُونَ الْمِيثَاقَ

 

«Олар Аллаға берген уәдесін орындағандар және берген сөздерінен айнымағандар» (Рағыд сүресі, 20-аят).

Ибн Кәсир осы аяттың тәпсірінде:

 

وَلَيْسُوا كَالْمُنَافِقِينَ الَّذِينَ إِذَا عَاهَدَ أَحَدُهُمْ غَدَرَ، وَ إِذَا خَاصَمَ فَجَرَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَ إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ

 

«Олар; уәдесінде тұрмай опасыздық қылытын, ренжісіп қалса кек сақтайтын, сөйлеген кезде өтірік айтатын,  аманатқа қиянат жасайтын мұнафиқтар (екіжүзділер) секілді емес!»,-деп айтты.

 

Уәдеге берік болу жәннатқа жетелейді:

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде:

 

 اِضْمَنُوا لِي سِتًّا مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَضْمَنْ لَكُمْ الْجَنَّةَ

 

«Маған өздеріңнен мына алты нарсенi уаде етсеңдер, Мен де сендерге жаннатқа кiруге кепiлдiк беремiн!»

1. اُصْدُقُوا إِذَا حَدَّثْتُمْСөйлеген кездерiңде турашыл болыңдар;

2. وَأَوْفُوا إِذَا وَعَدْتُمْ  Уәде берген кезде сөзде тұрыңдар;

3. وَأَدُّوا إِذَا اؤْتُمِنْتُمْ  Аманатқа сенімді болыңдар;

4. وَاحْفَظُوا فُرُوجَكُمْҰятты жерлеріңді сақтаңдар;

5. وَغُضُّوا أَبْصَارَكُمْ  Көздерiңдi харамнан сақтаңдар;

6. وَكُفُّوا أَيْدِيَكُمْ  Қолдарыңды харамнан аулақ ұстаңдар; (Хадисті Имам Ахмад риуаят етті).

 

Опасыз адамның қияметтегі және бұл дүнедегі жазасы:

 

Алла Тағала уәдеде тұрмайтын опасыз адамды қиямет күні барлық жаратылыстың алдында масқара етеді. Ибн Омар (р.ғ.)-дан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.):

 

 

إِذَا جَمَعَ اللَّهُ الأَوَّلِينَ وَالآخِرِينَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يُرْفَعُ لِكُلِّ غَادِرٍ لِوَاءٌ فَقِيلَ هَذِهِ غَدْرَةُ فُلاَنِ بْنِ فُلاَنٍ

 

«Қиямет күні Алла алдыңғылар мен соңғыларды жинаған сәтте, әрбір опасыздың туы көтеріледі. Содан соң: «Бұл  пәленше ұлы пәленшенің опасыздығы»,-деп айтылады».

Алла елшісі (с.ғ.с.) айтты:

 

مَا نَقَضَ قَوْمٌ الْعَهْدَ إِلا كَانَ الْقَتْلُ بَيْنَهُمْ ، وَلا ظَهَرَتْ فَاحِشَةٌ قَطُّ إِلا سَلَّطَ اللَّهُ عَلَيْهِمُ الْمَوْتَ ، وَلا مَنَعَ قَوْمٌ الزَّكَاةَ إِلا حُبِسَ عَنْهُمُ الْقَطْرُ

 

«Қайсы бір қауым уәдені бұзатын болса, олардың ортасында өлтіру (соғыс) орын алады. Қайсы бір қауымның арасынан арсыздық белең алса, Алла сол жерде өлім-жітімді үстем етеді. Қайсы бір қауым зекет беруден бас тартса,  сол жерге жауын-шашын доғарылады» (Хадисті имам ат-Табарани риуаят етті).

 

Удеде тұрмайтын адамды мұнафиқ дей аламыз ба?

 

Хадисте уәдеде тұрмау екіжүзділіктің белгісі екендігін есертеді:

 

 

 آيَةُ الْمُنَافِقِ ثَلَاثٌ: إِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا وَعَدَ أَخْلَفَ، وَإِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ

           

«Мұнафиқтың үш белгісі бар: сөйлеген кезде өтірік айтады, уәдесінде тұрмайды, аманатқа қиянат етеді».(Хадисті имам Бұхари, Мүслим риуаят етті).

Абдулла ибн Омар (р.ғ.) пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  мына хадисін жеткізді:

 

أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنَ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَهَا: إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ.

 

 «Төрт белгі кімде болса, ол нағыз мұнафық болады, ал кімде бұның біреуі болса, оларды тастағанша ода  екіжүзділіктің бір белгісі болады: аманат тапсырылса қиянат етеді, сөйлесе жалған сөйлейді, уәде берсе уәдесін бұзады, ренжісіп қалса кек алады» (Хадисті Бұхари, Мүслим риуаят етті).

Мысыр еліндегі әл-Әзһар университетінің ғалымы Муса Шаһин осы хадистің түсіндірмесінде былай деді: «Дін үш нәрседен құрылады. Олар: сөз, амал, ниет. Жоғарыдағы хадисте өтірік айтумен сөздің бұзылатындығын, аманатқа қиянат жасау және уәдеге опасыздық қылу себепті істің бұзылатындығын ескертті. Осы орайда уәдеде тұрмау ниеттің бұзақылығына байланысты. (Яғни, уәдесін орындамауға ниеттеніп тұрып, жалған уәде беру).  Алайда, уәдеде тұруға бел байлап, бірақта кенеттен кедергілер туындауына орай уәдесін орындай алмаған жағдай екіжүзділіктің белгісі болып есептелмейді. Сонымен қатар, орындалуы тиіс болған уәде хайырлы, игі істе болуы қажет. Жаман  іс істеуге берілген уәдеден бас тарту – міндет».

 

Нұрлан РАМАЗАН,

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

 UMMET.KZ

 

Бөлісу: