19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қарызды кімге қайтарам?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ:

Бір адамнан қарызға ақша алған едім. Енді оны қайтарайын десем әлгі адамды таппай жатырмын. Оның тірі-тірі емес екенін де білмеймін, туыстарынан ешкімді танымаймын. Осы ақшасын не істеуім керек? Өзіме жаратсам бола ма, әлде сақтап қояйын ба?

Руслан

Жауап:

Қарызды иесіне қайтару–уәжіп болып табылады. Сол үшін қарыз алған адам қарызын өтеуге барынша тырысу керек. Ал енді қарыз берген адамды табуға шамасы жетпесе, онда ол ақшаны қарыз берген адамның атынан садақа етіп береді. Имам Хаскафи «әд-Дурр әл-мухтар шарх тануир әл-абсар уа жамиъ әл-бихар» кітабында: «Біреуге зұлымдық жасап қойып немесе қарыз алып оны қайтарғысы келіп, бірақ ол адамды таба алмаса, оның атынан садақа береді, мейлі ол үшін бүкіл малын жұмсауы керек болса да. Бұл біздің (ханафи мазхабы) ғалымдарымыздың айтқаны. Бұл жөнінде араларында таластың болғаны байқалмаған,»–дейді.

Қорытынды: қарыз берген адамның атынан алған қарызыңыздың көлемінде садақа бересіз. Ең турасын Алла біледі.

Ummet.kz

Бөлісу: