29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жұма күні микрофонмен дауыстап Құран оқу дұрыс па?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Жұма күні микрофонмен дауыстап Құран оқу дұрыс па?

Жауап: сахих хадистерде Құран оқудың артықшылықтары туралы көптеп айтылады. Алайда

ол белгілі уақыт, белгілі мекен және қандай да бір мөлшерде, дыбыстап я да дыбыссыз, жекеше немесе көпшілікпен ғана оқылсын деп шектелмеген. Ал қағида бойынша: «егер шариғат иесінен қандай да бір бұйрық келіп, бірақ белгілі уақыт, белгілі орын, қандай да бір форма әрі қандай да бір мөлшермен шектеу белгілемесе, ол жағдайда уақытты, орынды, форманы және мөлшерді өзіміз таңдауға еріктіміз» делінеді. Ендеше Құран оқу үшін қай уақытты таңдасақ та кей адамдардың айтып жүргеніндей бидғат болып есептелмейді.

Себебі бидғат деген–шариғатта айтылмаған немесе белгілі бір қағидаларда көрсетілмеген нәрсеге сену, немесе істеу. Сол сияқты шариғаттың мәтіндері мен қағидаларына көлденең келетін іс жасау.

Демек, бүгінгі таңда адамдардың әдеттеніп қалған жұма күні оқылатын Құран бидғат емес. Керісінше, қай формада болса дағы шариғатта асылы болған «Құран оқуға қызықтыру» деген бапқа кіреді. Сол сияқты, Құранды осылай оқу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисіне жасалған амал бола алады:

وَمَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِى بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلاَّ نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ وَحَفَّتْهُمُ الْمَلاَئِكَةُ وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ

«Қандай да бір топ адам Алланың үйлерінен бір үйде топталып Алланың кітабын тіләуат жасаса (оқыса), онымен өзараларында дәріс жасаса оларға көңіл тиыштығы түседі, мейірімділік орайды, періштелер қанаттарының астына алады, Алла оларды өз тарапында зікір етеді.» (Муслим, Абу Дауд)

Бұл хадис мешітте Құран оқып, озара дәріс жасаудың шариғатта негізі бар екеніне дәлел болады.

 Ал кімде-кім өзара дәріс жасамай, тек қана оқумен шектелсе, онда ол бұл сауаптың бір бөлігін ғана алады. Көпшілік арасында Құран оқылса оның дыбыссыз болмайтыны белгілі. Керісінше, ол көпшілікпен бірге бір дауыспен оқылады, немесе араларынан бір адам оқиды да қалғандары оны тыңдайды.

Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Абдулла ибн Масғудқа (р.а): «Маған Құран оқышы,»–дейтін. Абдулла: «Құран сізге түскен бола тұра оны сізге мен оқиын ба?»–деген, сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Мен оны басқадан естігенді ұнатамын,»–деп жауап берген. (Бухари, Муслим)

Алла Тағала Құран Кәрімде:

إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَإِذَا تُلِيَتْ عَلَيْهِمْ آيَاتُهُ زَادَتْهُمْ إِيمَانًا

«Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артады,» (Әнфәл 2)–дейді. Ал «оларға Алланың аяттары оқылса» дегеннен оның дауысталып оқылғанда ғана болатынын байқай аламыз.

Ең турасын Алла біледі.

(Материял «әл-Бидъа фил-мафһум әл-ислами әд-дақиқ» кітабынан қысқартылған күйде алынды)

Ummet.kz

 

Бөлісу: