25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Сынақтың жаза не жақсылық екенін кайдан білемін?

Сынақтың жаза не жақсылық екенін кайдан білемін?

Иман келтіру

Данышпаннан: "Басыма түскен сынақтың жаза ма, жақсылық па екенін қайдан білемін?", деп сұралғанда, ол кісі былай деген екен:

"Егер оған көне алмай, ашуланып, шыдамсыздық танытсаң, онда ол – Алланың ашуы мен жазасы деп түсін.
Ал, түсініп, төзімділік көрсетіп, сабыр етсең, онда ол – күнәлардың кешірілуіне себеп.
Ал егер, разы болып, кең жүрекпен қабылдасаң, онда – дәрежеңнің көтерілуін күте бер.
Сосын мынаны ұмытпа!
Сыйдың үлкені – сынақтың үлкендігіне байланысты. Алла бір қауымды жақсы көрсе – оларға сынақ жібереді.
Кім разылық көрсетсе, оған разылық нәсіп етіледі.
Кім ашуланса, оған ашу жіберіледі.
Нығметке бөленсең де, бәлеге ұрынсаң да, ең алғашқы сөзің "Әлхамдулилләһ!" (Аллаға мадақ!) болсын. Өйткені ол сөз – иманның дәлелі, бақыттың кілті, Алла разылығының есігі".

ummet.kz

Бөлісу: