Түнде оқылған екі ракағат намаз – күндіз оқылған 1000 ракағат намаздан артық. Алайда сен түнде тұруға ерінесің, егер ол уақытта екі ракағат намаз оқығаныңда, қиямет күні сол құлшылықтың таразыңда табар едің.
Күнә көбейгенде не істеу керек?
Егер жасаған күнәңнің әсері жүзіңнен байқалса, онда Алладан жәрдем тілеп, Оған жалбарын.
Алланы тануға мән бермеу – жасырын серік қосу
Шариғаттың сыртқы амалдарын орындағанына арқа сүйеп, бірақ жүрекпен Алланы тануға мән бермеу — жасырын серік қосу. Алланы жүрекпен танумен ғана шектеліп, шариғат амалдарын орындамау — дінсіздік. Ал екеуін қатар ұстану — тура жол болып саналады.
Күнә жасағың келсе, ешкім көрмейтін орын тауып ал
Егер күнә жасап, Раббыңа қарсы келгің келсе, онда сені ешкім көрмейтін орын тауып ал. Аллаға қарсы келуге күш-қуатты да Алладан басқа біреуден алып көр. Сен мұны істей алмайсың, өйткені барлық күш-қуат – Алланың нығметі. Ал сен Алланың берген нығметін пайдаланып алып, Оған қарсы шығасың ба?!
Адам ақылының қай дәрежеде екенін қалай білемін?
Егер адам ақылының қандай дәрежеде екенін білгің келсе, оның алдында бір кісі жайлы сөз қозғай баста.
Амалдарыңды ықыласпен орындауға тырыс
Сен амалдарыңды көркем түрде, ықыласпен орындауға тырыс. Ықылассыз орындалған амалдың еш пайдасы жоқ. Ықылассыз орындалған көп амал – бағасы арзан киім сияқты.
Алла – тақ және тақ нәрсені жақсы көреді
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты:
Мұсылман бауырың күнә жасаса, қалай мәміле қыласың?
Егер балаң күнә жасап қойса, шариғаттың нұсқауы бойынша оған тәрбие бер. Онымен қарым-қатынасыңды үзбе, бірақ жасаған ісіне разы еместігіңді қабат шытып білдір. Бұл оның күнәдан тыйылуына себеп болады.
Алла сенен ықыласты құл болуыңды талап етеді
Ей, Алланың құлы! Алла сенен шынайы ықыласты құл болуыңды талап етеді. Ал сен болсаң, құлдықтан бас тартып, оның керісінше болуды таңдадың. Алладан басқа нәрсеге бет бұруың құлшылықта шектен шығушылық болып саналады.
Дініңді құнсыздандырудан сақтан
Сен денеңді қатты қорғайсың, ал дініңді тым арзан санайсың! Егер біреу “алдыңдағы тамақ уланған” десе, оны аузыңа да жақындатпас едің. Сосын ол ант етіп, тағамның уланбағанын айтса да, жүрегің сенбей, оны бәрібір жемесің еді.
Зікір – жеңіл әрі пайдалы ем
Сен құлшылықты шынайы ықыласпен, бар ынтамен орындауды қалайсың, бірақ күш-қуатың әрдайым оған жете бермейді.