21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Барлық бәлекет Алланың жазасы емес

Барлық бәлекет Алланың жазасы емес

Иман келтіру

Жақсылық та, жамандық та сынақ себепшісі. Кейде жер бетінің, жаратылыстан туындайтын ерекшеліктеріне байланысты кейбір өлкелері зілзала оқиғасына жақын болуы мүмкін.

Адамдардың кейбіреулері білмегендіктен үйлерін мұндай жерлерде орын алған сейсмикалық белсенді сызық бойына салуы мүмкін. Табиғи құбылыстардың жүзеге асуын белгілейтін Алланың тағдырына байланысты бұл жіктер қозғалып зілзала болған кезде; бұл жердегі халық Алланың тарапынан жазаланды деуге болмайды. Егер адамдар осы белсенді сызықтарды анықтап, үйлерін сол сызықтан алыс, зілзалаға шыдамды етіп салатын болса, мұндай апаттардың ықтимал нәтижелерінен сақтана алады.

Әрине, Алла қаласа, құлдары қаншалықты күшті, ықпалды шаралар қабылдаса да жазаға ұшырауы мүмкін. Оның күшіне қарсы тұра алатындай ешбір күш жоқ. Жер бетінен жойылып кеткен қауымдардың ахуалы осы ақиқаттың нақты мысалы саналады: Ад қауымы тастарды ойып, берік ғимаратта салғандығына қарамастан Алланың азабынан сақтана алмады. Бірақ бұл, алынған шаралар басқа түсетін апаттардың зардабының алдын алуда әсері болмайды деген мағынаны білдірмейді. Өйткені, әрбір апат жазалау мақсатында келмейді. Бәлкім, көбі табиғи құбылыстың нәтижесінде келеді және әрбірі сынақ себепкері болады. Сол себепті әркім қолынан келгенінше тағдырға жасырылған сақтық шараларын алуға міндетті.

Тағдырға сақтық деп Алланың барлық мәселеде құлдарына берген мүмкіншіліктерді айтып отырмыз. Мысалы зілзала сияқты үлкен апаттардың жойқын салдарының алдын алу үшін алынатын барлық қауіпсіздіктер осы мүмкіншіліктердің бөлшегі болып табылады. Олай болса, зілзала сияқты үлкен апаттар Алланың жазмышы. Өйткені, мұндай оқиғалар адамның қалауына жатпайды. Олар алланың шексіз хикметінің шарты бойынша сынақ сырының талаптарына қарай жүзеге асады. Сол себепті зілзалалар тікелей Алла тарапынан, олардың нәтижелері болса тікелей адамға бағытталған Алланың қалауына тәуелді. Сондықтан, барлығы да Алланың тағдырының ішінде өзіне қатысты қырларымен орын алады.

Сонымен қатар, кейбір апаттар мен қасіреттер тікелей Алланың жазасы ретінде келеді. Мұндай апаттарда да нәтижесі тұрғысынан анықтаушы адамдардың қалауы болады. Құран Кәрім мұның нақты мысалдарына толы. Мысалы, жер бетінен жойылған қауымдардың жағдайына ишарат ететін бір аятта былай делінеді: «Өздеріңнен бұрын болған Нұх, Ад, Самуд қауымдарының, Ибраһим мілләтінің, Мәдиян және астаң-кестең болған шәһар тұрғындарының хабары оларға жетпеді ме? Пайғамбарлар оларға дәйектер әкелген еді. Алла оларға зұлымдық жасаған жоқ, олар өздерәіне обал қылды» («Тәубә», 9/70).

Зұлымдыққа және Аллаға қарсы келуде шектен шыққандарға, бәлкім ес кірер деп белгілі бір уақытқа мүмкіндік беріледі. Содан кейін бұрыннан бері қолданылып келген Алланың заңы жүзеге асады да барлығы бірден жойылып кетеді. Олар өздерінің таңдауымен апаттарды шақырғандар. Қауымдар мен халықтар, күнә жасауға шектен шыққан кезде үнемі осы Алланың заңы араласады. Барлығында нәтижесі қорқынышты түрде жойылып кету болады: «Әрбірін күнә себепті ұстадық; кейбіреулеріне тастарды ұшыратын құйын жібердік, кейбіреуін жаңғырықтар жоқ қылды, кейбірін жерге батырдық, кейбірін суға тұншықтырдық. Оларға, Алла зұлымдық жасаған жоқ, бірақ олар өздеріне обал қылды» («Ғанкабут», 29/40).

Мұндай жағдайларда, адамдар ең жоғарғы технологияларды пайдаланса да, Алланың қалауы мен құдіретіне қарсы тұра алмайды. Алланың заңы да әрдайым зұлымдыққа және күпірлікке шектен шыққан қауымдарды жою түрінде кқрініс табады: «Жер бетін аралап, өздерінен бұрын өткендердің ақырының қалай болғандығына қарамай ма? Олар өздерінен де қуатты болатын, жер бетін қопарып, олардан ғимарат салғандар еді, оларға дәлелдермен пайғамбарлар келген болатын. Осылайша Алла, оларға зұлымдық жасаған жоқ, олар өздеріне зұлымдық жасады» («Рум», 30/9).

Қарап отырғанымыздай, нәтиже ешқашан өзгермейді. Қандай жағдайда болмасын, адамның басына түскен барлық апаттар мен қасіреттер өздерінің қолымен жасағандары себепті. Адамдар, сынақ себепшісі болған апаттарға қажетті шараларды қабылдамағандықтан немесе таңдауларын теріс, жаман жолда қолданғандықтан зазарлы, жойқын, күшейтуші нәтижелерге тап болады. Жаза ретінде келген апаттар мен қайғы-қасіреттерге маңызды фактор, жойылған адамдар мен қауымдардың өз қалауы болып табылады.

материал «Алланың әділдігі және рахымы тұрғысынан жамандық және қасірет» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: