21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

 Алланың рахымының рухани көріністері

 Алланың рахымының рухани көріністері

Иман келтіру

Алла ең алдымен, соңғы пайғамбар Мұхаммедті (с.ғ.с) барлық әлемге рахымының нәтижесі ретінде жіберген. Оған адамзатты ақиқатқа, әділеттілікке, ізгілікке, әдемілікке және адам атына лайық барлық қасиеттерге бет бұру үшін жіберілген соңғы қасиетті кітап та сол Алланың жалпы рахымының нәтижесі.

Алланың рахымының осы рухани көріністеріне өздерінің қате таңдауына байланысты үлес ала алмағандардың кейбірі, бұл дүниенің өткінші пайдаларынан пайдаланып ақыреттің әдеміліктерінен құр қалады, кейбірі осы дүниеде де, о дүниеде де азапқа ұшырайды.

Екінші жағынан Алланың жалқы рахымы пайғамбарларға, Алланың таңдаулы құлдарына жеке түсетіндігін де көреміз. Мысалы Алла, Зәкәрияға (ғ.с) әбден қартайған соң ұл сыйлаған, Әйюбты жанына батқан ауруынан құтқарумен бірге, алдында жоғалтып алған отбасы мүшелерін және мал-мүлкін еселеп берген.

Алланың рахымының кеңдігін көрсеткен ең тамаша мысалдардың бірі, Алланың барлық күнәларды кешіруі. Күнә қаншалықты үлкен болса да Алланың рахымынан үміт үзбеу керек.  Өйткені, Алла барлық күнәларды кешіреді. Алла иман еткен құлдарына мархамат етуді мойнына алған. Ол, мархаматының көрінісі ретінде, тәубаға келіп, өкінген адамдардың білмей істеген күнәларын кешіреді.

Сонымен бірге Алланың арнайы сүйіспеншілігі де бар. Осы сүйіспеншіліктен үлес алудың алғышарты, оған лайық болу. Сол себепті Алла, жаманшылық пен қатыгездікте шеккен шыққандарды, жер бетінде бұзғыншылық жасағандарды, шектен тыс бейшүкір күнәһарларды, кәпірлерді, залымдарды және үнемі тәкәппарланып жүретіндерді сүймейді. Ол тек жақсыларды, рухани-материалдық кірлерден тазарғандарды, қажетті барлық алғышарттарды орындағаннан кейін оған сенім білдіргендерді, барлық істерінде өлшеммен, әділдікпен әрекет еткендерді және өзінен қажетінше сақтану түсінігіне ие болғандарды сүйеді.

Алланың жалпы рахымы осы дүниеде адамдардың барлығын қамтиды. Ол, осы жалпы рахымының көрінісі ретінде ризық есіктерін барлық құлдарына ашқан, ризыққа қол жеткізу мүмкіншілігі барлығына берілген. Сонымен қатар, Алланың жалқы рахымы, сүйіспеншілігі ақыретте тек дүниеде разы болған құлдарына беріледі. Бұл дүниеде ризық және басқа да мүмкіншіліктер тұрғысынан адамдар арасында байқалған айрымашылықтар, оның жалпы рахымының қалай болса солай үйлестірілуінен емес, шексіз хикметінің, сынақтың бір шарты ретінде солай лайықты санауынан. Бұл шарттардың ең әділ нәтижелері мәңгілік ақырет мекенінде көрінетіндіктен, бұл дүниеде ол жайлы асығыс болжамдар жасау орынсыз талпыныс болып табылады.

материал «Алланың әділдігі мен рахымы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: