21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Алланың сүйікті құлы болу үшін не істеу керек?

Алланың сүйікті құлы болу үшін не істеу керек?

Иман келтіру

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.): -  Күдіксіз, адамдар арасында Алланың ең сүйікті құлдары бар, - дейді.

Сахабалар:

-  Уа, Алланың елшісі, олар кімдер?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-  Олар – Құранның адамдары, Ақиқаттың адамдары, Алланың адамдары, Алланың шынайы құлдары, - деп жауап береді (Ибн Мәжа, «Мукаддима» 16).

Махмуд Салин деген кісі осы жайлы мынадай оқиғаны айтады: «30 жыл бұрын өзім тұратын қалада бір кісі қайтыс болды.  Оны Құранның адамы деп айтуға болатын еді. Ол жерленген соң сол жерде көлік өтетін жол салыну керек болады. Мәйітті ашқанда олар қатты таңқалады. Себебі мәйіт сол күйі сақталыпты. Ораған ақ мата да әппақ және таза күйінде екен. Осы оқиға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисіне дәлел болса керек: «Алла жерге Құранның адамдарының денесін бұзбауды бұйырған» (Дайләми, 1,284/1112;  Әл Муттаки 1,555/24,88).

ummet.kz

Бөлісу: