22
Жұма,
Қараша

һижри

Мейірімсіз жүректің себебі мен емі

Мейірімсіз жүректің себебі мен емі

Иман келтіру

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Мейірімді болмаған кісі мейірім көрмейді». (Мұттәфәқун аләйһ)

Дөрекі және мейірімсіз жүректің себептері мыналар: «Жегендерін қорытпай жатып ұйықтау. Көп күлу. Өсек-аяңға үйір болу. Орынсыз көп сөйлеу. Тақуалық ілімін елемей, үйренгенімен амал етпеу.

Мейірімсіз жүректің белгілері мыналар: Көздердің Алладан қорқып және Иләһи махаббатпен жылай алмауы, жүздің әруақыт суық болуы, көп тартысу және фанат болу, барлық нәрсенің сырт көрінісіне қарау, салт-дәстүрмен жүріп шариғатқа мән бермеу, садақа бермеу.

Мейірімсіз жүректі болудың қатері мыналар: Алла Тағаланың мейірім назарынан мақрұм қалу, дүние және ақыретте масқара болу және өкініш.

Мейірімсіз жүректің емі мыналар: жетімдердің басын сипау (олардың ақысына мән беріп, оларға жақсы қарау), садақа ғибадатын көбейту, пақырлардың (дәруіштердің) мәжілісіне қатысу, көп жеуден, тоқ жүруден сақтану және Алла Тағаланы зікір етумен айналысу.

Мейірімсіз жүрекке қайшы нәрселер мыналар: Жүрегі жұмсақ болу, көркем мінезді болу, мейірімді болу, жаны ашығыш, жанға жақын болу.

Мынадай сөз бар: «Қатыгездік – мейірімсіз жүрек пен дөрекіліктің нәтижесі. Ал жұмсақтық – мейірім және ашу мінезінің ортасын ұстаудың нәтижесі». Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Уа, Айша! Кімнің жұмсақтықтан нәсібі болса әлбетте оның дүние және ақырет жақсылықтарынан нәсібі бар демек».

Мунауи (рах.) бұл хадистің ашықтауында былай деген: «Өйткені, жұмсақтықпен дүниелік және ақыреттік барлық мақсаттарға жетуге болады. Одан ада адам екі мақсаттан да ада болады».

Басшылардың, уағыз, насихат айтушылардың дөрекіліктен аулақ болып, жұмсақ мінезді, мейірімді болуы, жұмсақ сөйлеуі өте әдемі іс. Бір кісі ескертуге тұрарлық кемшілік жасаса көптің арасында емес жеке шығарып ескертсе оған мейірім мен құрметтің нышанын көрсеткен болады. Әбу Дәрда (р.а.): «Бауырына көптің арасында ескерту жасаған оны ұялтады. Жасырын ескерткен оның кемшілігін жасырған болады» деген.

ummet.kz

Бөлісу: