Меню

07
Дүйсенбі,
Сәуір
9
Шәууәл
1446 һижри

Дүниенің және ақыреттің уайымынан құтылу үшін

Дүниенің және ақыреттің уайымынан құтылу үшін

Иман келтіру

Сахаба Əбу Дарда (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын риуаят еткен: «Кім əрбір таңда жəне кеште жеті мəрте мына сөздерді айтса:

“Маған Алла жетіп артады. Одан басқа құлшылыққа лайықты (ешбір) құдай жоқ. Тек Оған ғана мен тəуекел еттім. Сондай-ақ, Ол - ұлы 'аршының Раббысы

Хəсбия-Ллаhу лə илəhə иллə hу-уə ‘əлейhи тəуəккəлту уə hууə Раббул-‘аршил-‘азыйм

Алла Тағала оны осы дүниенің жəне ақыреттің уайымынан құтқарады» [Əбу Дауд 5081 ; Ибн Сунни 71].

ummet.kz

Бөлісу: