29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жолым ашылмай жүр, не істеймін?

Жолым ашылмай жүр, не істеймін?

Иман келтіру

Бірінші мәселеде: Бұл дүние – сынақ орны. Сондықтан Алла Тағала бізді түрлі жолмен сынайды. Яғни, тоқшылық және аштықпен, байлық және кедейлікпен, денсаулық және аурумен.

Сондықтан да кейде өзіңіз айтқандай кей кезде жолымыз болмай жатқанын табиғи нәрсе деп қабылдауымыз керек. Рас, кейде жолымыз тым ұзақ уақыт бойы болмай жатады. Осы жағдайда мына нәрсені ескерген жөн – біздің жолымыз болмауына, бастапқы мәселеде, біздің күнә-қателіктеріміз себеп.

Осындай жағдайда не істеуіміз керек? Ең алдымен тәубеге келу керек. Біз пенде болғаннан соң қандай болғанда да қателесеміз, күнә істейміз. Осы себептен күнәһар екенімізді мойындағанымыз жөн әрі біліп-білмей істеген күнәларымыз үшін өкінгеніміз жөн.

Келесі қадам: Өзін күнәһар екенін мойындағаннан соң пенде тым болмағанда «астағфирул-лаһ» (уа Алла Тағала, кешірші мені) деп айту керек. Негізі бұл екі сөзден тұратын тіркес өте күшті дұға. Бұл дұғаның қауһарлығына қазақтың «тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сөзді келтірсе болады. Тәубеге келіңіз, кейін көп истиғфар айтуды әдетке айналдырыңыз. Осының себебінен тез арада-ақ жағдайыңыз оңалып кетсе ғажап емес.

Келесі мәселе: Садақа беруді әдетке айналдыру керек. «Садақа беру» дегеніміз бір немесе он мың теңгені садақа ету беру емес. Бұл жерде бар мәселе ықылас-ниетте. Яғни, мұқтажға шын ықыласыңызбен 5-10 теңге берсеңіз немесе тіпті жейтін нанын алып берсеңіз де осының өзі садақа. Садақа болып жатқан, тіпті алда болайын деп жатқан пәленің басын қайтарады. Садақаның осы қасиеті қаперіңізден шықпасын.

Осы айтылған үш шараны ықыласпен істеп көріңіз. Құдай қаласа, тез арада Хақ Тағала жеңілдігін нәсіп етеді сізге.

Ал дұғаларға келсек...

Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә ғаләбәтид-дәйни уә қаһри-рижәәли.

Мағынасы:Уа, Аллам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!

ummet.kz

Бөлісу: