21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Кісіге қарыз берерде осы нәрсені ескеріңіз

Кісіге қарыз берерде осы нәрсені ескеріңіз

Иман келтіру

Егер біреу таршылық көріп сізден қарыз сұрап келсе, мүмкіндігіңізше бергеніңіз жөн. Себебі, бір кісінің қажетін өтеумен қатар өзіңіз де шексіз сауапқа кенелесіз. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім бір мұсылманның мұқтаждығын өтесе, Алла оның қажетін өтейді» - деген. Бұл адамдардың араздығын емес, керісінше, достығын, туыстығын күшейтеді.

Алайда, Кісіге қарыз берерде осы нәрсені ескеріңіз.

Қарыздың көлемін міндетті түрде жазу керек.  Яғни, қарызды алушы мен беруші бір-біріне қолхат беріп кепілдендіруі қажет. Бұл жайлы  Құранда: «Ей иман келтіргендер!  Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын...Және (қарыз) кіші не үлкен болса да, оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету – Алланың алдында әділдірек әрі куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын...»( «Бақара» сүресі, 282-аят).

Қарызды жазудың пайдасы, біріншіден, Алланың бұйрығын орындау болса, екіншіден, жауапкершілікті күшейту.  Қарызды алған уақытта оны жазып қою немесе куәлар шақыру, уақыт өткен соң алыс-беріс қылған адамдар арасында түсінбеушілікке жол бермейді.        Ақшаңыз бола тұра қатты мұқтаж адамға қарыз бермеу – сараңдық. Мұны басқа нәрсемен ақтауға келмейді. Ең жақсы қарыз туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сауынды ешкіні мұқтаж адамға беру» деген.

ummet.kz

Бөлісу: