21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Адамның өз-өзіне көз тиюі мүмкін бе?

Адамның өз-өзіне көз тиюі мүмкін бе?

Иман келтіру

Кейде адам өзінің жасаған бір ісіне, сөйлеген сөзіне іштей риза болып, масаттанып қалатын кездері де болады. Өз-өзіне тоқмейілсу, көңілі толып, «мен ғой енді» дегендей, өзінің зеректігіне, тапқырлығына, ақылдылығына риза болу – өзіне-өзінің көзі тиюіне жол ашуы әбден мүмкін.

Мұндай адамның ісінде үнемі қателік пайда болып, өзгелермен сөзі жараспай, ісі қабыспай, ойға алған жұмыстары жүрмей қалып, қырсығып, жолы байланып, сәтсіздіктерге тап болып қалып жатады. Сондықтан адам қандай да бір жетістікке жетпесін, үнемі ол талант пен білімді, денсаулықты оған Алланың беріп тұрғанын есінен шығармауы керек. Адамға абыройды беретін, оның құрметін арттырып, қара басын қадірлі етіп қоятын - Алла Тағала. Қаласа, абыройыңды бір-ақ сәтте түсіріп, жеңісіңнің, атақ-дәрежеңнің күл-талқанын шығарады. Сондықтан егер жолың болып, жеңістің дәмін татып жатсаң, өмірің тыныш болса, «өзімнің еңбекқорлығымнан не менің ғана ақылдылығымнан» деп ойлама. Бар болғаны Мейірімді Алла Тағала ісіңе жеңілдік беріп, өміріңді реттеп жатқанын естен шығармағайсың.

ummet.kz

Бөлісу: