22
Жұма,
Қараша

һижри

«Намаз оқуға дайын емеспін, өзі уақыты келеді»

«Намаз оқуға дайын емеспін, өзі уақыты келеді»

Иман келтіру

Намаз бастағалы жүрген әрбір адамның ойында намазды уақытында оқи алмауға деген қорқыныш бар. «Намаз оқуға дайын емеспін, өзі уақыты келеді» деп сылтау айтатын жандар көптеп кездеседі.

Намазды ешкім ешуақытта толық дайын болып барып бастамаған. Бұл лағынеті шайтанның адамды өзіне пайдалы іске жақындатпау үшін салатын арамза ойы.

Әйтпесе, адамға намаз бастап кету үшін оның парыз екендігі жайлы аз ғана ақпараты болуы жеткілікті. Адам өзіне нақты ақшалай табыс әкелетін істі көріп-біле тұра, ешуақытта «уақыты келеді» деп айтпайды. Ұмтылады, жарысады, өзгеден бұрын жасап қалуға тырысады. Ал намаз – екі дүниенің жақсылығының барлығын бойына қамтыған, қысқа ғана жеңіл амал.  

ummet.kz

Бөлісу: