21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Құранның қазақша аудармасын оқысам сауап бола ма?

Құранның қазақша аудармасын оқысам сауап бола ма?

Иман келтіру

Құран Кәрімді әуелі оқуды үйреніп, кейін мағынасын түсініп амал ету шариғаттағы ең абзал амал.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді», - дейді. Бұл араб тілінің әріпіне қатысты айтылған. Дегенмен, Құранның мағынасын түсініп, одан үгіт алған, Құранның үкімдеріне амал еткен адамға сауап беріледі. Құранды тәпсірлеген адамға да сауап жазылады. Қазақша мағынасында оқу да тәпсірге жатады. Яғни, бұл Құранды қазақша мағынасында оқыған адамға да сауаптар жазылады деген сөз.

Бауыржан Әбдуәлі,

ҚМДБ «Шариғат және пәтуә» бөлімінің маманы

Бөлісу: