20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету

Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету

Иман келтіру

Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылғандықтан бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді.

Сондықтан да Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.

Мұсылманның қажетін өтеу – Аллаға жақындататын істердің бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көпте-ген хадистерінде бұл істің сауабын айтып сүйіншілеген:
«Кім мұсылман бауырының қажеттілігін орындау жолында жүрсе, Алла оның әр қадамына жетпіс жақсылық жазады және жетпіс күнәсін кешіреді. Ал егер бұл адам арқылы оның мұқтаждығы өтелсе, анасынан туған күніндей күнәдан тап-таза болады. Ал егер осы жолда жан тапсырса, есепсіз Жәннатқа кіреді» (Анастан);
«Кім мұсылман бауырының қажетінде жүрсе және сол жайлы насихат етсе, Алла тағала ол пендесімен жәһаннам арасына жеті ор пайда қылады. Әрбір ордың арасы жер мен көктің арасындай» (Ибн Аббас).
«Бауырының ісіне аздаған уақыт қарасқан адам, ол іске көмегі тисе де, тимесе де екі айлық итикафтан көбірек сауап алады» (итикаф – мешіттен шықпай құлшылық ету) (Хаким).
«Мен үшін бір мұсылман бауырымның қажетінде жүруім – мешітте бір ай бойы иғти-кафта (құлшылықта) болғаннан артығырақ» (Табарани).

ummet.kz

Бөлісу: