26
Жұма,
Сәуір

һижри

Нашар әдеттің нашарлығы неде?

Нашар әдеттің нашарлығы неде?

Иман келтіру

Нашар дағды – тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің көрінісі. Ол – адамның абыройын төгіп, көп жерде ұятқа қалдырады. Басқалардың өзінен бойды аулақ салып, жиіркене қарауына себеп. Айталық, үнемі өтірік айтатын адамның шын сөзіне де халық күмәнмен қарап, сенбейтін болады.

Аузы балағат сөзге үйренген адам да сыртқа өз тәрбиесіздігін байқатады. Жиі түкіріне беру де өзгелердің жиіркенішін тудыратын жаман әдеттердің бірі. Хадисте қарғысқа ұшырайтындардың қатарында қоғамдық орындарды былғайтындардың айтылғанын әрі жөнсіз түкіріктің де күнәға жататыны ескертілгенін назарға алсақ, ел жүретін жолға қалай болса солай былш-былш түкіріп кете баратындардың қаншалықты нашар қылыққа бой алдырғанын шамалауға болады. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, бір грамм түкірікте 100 млн бактерия кездесетіні белгілі. Олай болса, түкіріне беретіндер ортаны ластап, қаншама ауру да таратуда. Міне, көрдіңіз бе, бір ғана жаман әдеттің зияндығы қандай?! Бұл тұста көрші Қытай елінде арнайы қоқыс жәшігіне емес, ел жүретін көшеге, жерге түкіретіндерге мың юань айыппұл салынатындығы үлгі аларлық.

материал «Ислам және өнеге» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: