22
Жұма,
Қараша

һижри

Дін мәселесіндегі білімсіздік – қорқынышты қараңғылық

Дін мәселесіндегі білімсіздік – қорқынышты қараңғылық

Иман келтіру

Дін мәселесіндегі білімсіздік – тым қорқынышты қараңғылық. Өйткені адам білмейтін нәрсесінің дұшпаны болады. Діннен жырақтау рухани сезімдерден қол үзуге себеп болады және ұжданның пікір көкжиегін тарылтады.

Ішкі және сырқты нұрларды сөндіреді. Құран мен Сүннеттің даналы хикметтерінен, рухани жарықтығынан мақрұм етеді. Адамға Жаратушысы тарапынан сыйға берілген маржандарды жоғалтып, адамды сүйек пен ет толтырылған тері дорбасына айналдырады. Ондай адам тек осы дүниедегі құлқынын ойлайтын ғана күйге түседі..

Халық арасында белгілі және жиі айтылатын хикая бар. Бір әке өз баласының дін мен руханияттан мақрұм екенін көрген сайын:«Балам, сен адам болмайсың!..» деп айтады екен. Бала өз әкесіне ерегесіп, мектепке барып, білімін толықтырып, өзі тұратын қалаға әкім болады. Әкесінің сөзін есіне салу үшін өз адамдарын жіберіп, оны өз қабылдауына шақыртады. Әкесі алдына келген кезде: «Әке, әке!.. Сен маған “сен адам болмайсың” деп айтушы едің, көрдің бе, міне, әкім болдым!..» дейді. Әкесі ұлына ақылды көзімен қарап тұрып, былай деп жауап береді:

«Балам! Мен саған әкім бола алмайсың деп айтқан жоқпын. Адам болмайсың деген едім. Егер сен адам болсаң, әкеңді өзіңе шақыртпай, өзің әкеңнің алдына келер едің!..» Міне, дәл осы мысалдағыдай діни тәрбиенің болмауы осы дүниелік пайданы пұтқа айналдыру ауруын тудырады. Діннен жырақтауымыздың ең басты себебі осы.

материал «Дүниедегі Жәннат – тұғырлы отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: