22
Жұма,
Қараша

һижри

Қарғыс – Пайғамбар (с.ғ. с) тыйым салған мінез-құлық

Қарғыс – Пайғамбар (с.ғ. с) тыйым салған мінез-құлық

Иман келтіру

Біреуге ашуланғанда ашуын баса алмайтын адамдар көп, олар бірден қарғыс айта бастайды.Сол қарғысты тіпті отбасы, балаларына дейін айтады.

Аллаға сенген адам, мұсылманның көркем мінезің біліп оны бойыңа сіңіруі тиіс. Қарғыс айту – сенген адамның ісі болуы мүмкін емес.

Өйткені қарғыс – бұл Алла Елшісі (с.а.с.) қатаң тыйым салған мінез -құлық. Өздеріңіз білетіндей, шайтан тәкаппар болып Адамға сәжде етпегендіктен қарғысқа ұшырады, яғни Ол мейірімділіктен алынып, жұмақтан қуылды. Әрбір жақсылықта Биcмилла деп Алланың мейірімділік сипаттарын атап жүретін мусылман өзгеге жамандық тілемейді.

Пайғамбарымыздың қарғыс айту дұрыс іс емес екендігін бірнеше хадистерде біздерге баяндаған.

«Мүмін қарғыс айтуға лайық емес» (1) деп Алла Елшісі (с.а.с.) мүмін басқа адамдардың кемшіліктерін жамандап, оларға қарғыс айтатын, дөрекі, ұсқынсыз сөздер мен қылықтар айтатын және әдепке қарсы сөйлейтін адам бола алмайтынын айтты. (2)

«Алланың қаһарына ұшыра, тозақта күйіп кет» сияқты қарғыс айтпаңыз деп бұйырды. (3)

Қарғыс айтудың сұмдығы«Кім мүмінге қарғыс айтса, оны өлтіргенмен тең» (4) деп қаншалықты жаман мінез екенін жеткізді.

«Қиямет күні қарғыс айтушы шапағатшы бола алмайды жане де куәлігі жарамайды» (5) деп ақыретте де үлкен жауапкершілік бар екенін көрсетеді. Бірде жолда бір әйел жалығып кетіп, мінген түйенің жүрмейтініне қарғыс айтты, бірақ Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Түйедегіні ал да, түйені жібер», - деді. Өйткені ол қарғысқа ұшырады деп бұйырды. (6)

Қарғыс айтудың ең қауіпті тұстарының бірі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Қарғыс айтпаңыздар! Егер қарғыс сол адамға тимесе, онда өзінің иесіне қайтып келеді» (7) деген хадисі қаншалықты қауіпті жаман іс екенің көрсетіп тұр. Сол сияқты біздің дәстүріміз «Біреуге қарғыс айтпа» деп дін исламмен үндесіп жатыр.

 

(1) Муслим,бирр-84

(2) Тирмизи,бирр-48

(3) Риязус-салихин,Абу дауд-1584

(4) Бухари,адаб-44

(5) Риязус-салихин,Муслим-1583

(6) Муслим-1584

(7) Абу дауд

Нуриддин Абдусамадұлы,

«Нұр Астана» мешітінің имамы

Бөлісу: