11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алланы жақсы көру мәртебесіне қалай жетеміз?

Алланы жақсы көру мәртебесіне қалай жетеміз?

Иман келтіру

Алланы жақсы көруге себеп болатын амалдар өте көп. Дегенмен, ең негізгі мынадай он амалға бекем болсақ, сол дәрежеге жетуге жолымыз жеңілдемек. Олар:

  • Құран оқу. Мағынасын түсініп, ойлана отырып оқу.
  • Парыз амалдарынан соң нәпіл амалдарды орындау арқылы Аллаға жақындау. Нәпіл амалдарды көп орындау адам баласын Алланы жақсы көруге жетелеп, Алланың оны жақсы көруіне себеп болады.
  • Алла Тағаланы тілмен, жүрекпен, іспен көп еске алып, зікір ету. Адам баласының Алла Тағаланы жақсы көру деңгейі Оны еске алып, зікір ету деңгейімен бірдей болмақ.
  • Алла Тағаланы жақсы көргендерін өзің жақсы көргендерден жоғары қою. Қиындығына қарамастан Алла жақсы көретін істерге ұмтылу.
  • Алла Тағаланың көркем есім-сипаттарын тіомен қайталап, мағынасын жүрекпен түсінуге тырысу. Алланы есім-сипаттары арқылы таныған адам міндетті түрде жақсы көретін болады.
  • Алла Тағаланың көзге көрініп тұрған және көзге көрінбейтін нығметтері жайлы ой жүгірту. Бұл да – Алланы жақсы көруге жетелейтін әдемі әдістің бірі.
  • Алла Тағаланың алдында тұрғанын сезініп, өзін төмен санау. Алланың бақылауында екендігін ұдайы назарда ұстау.
  • Әсіресе, таңғы уақытта Алланы еске алып, оңашада көбірек мінәжат ету, Құран оқу. Оңаша қалған сәттерде көркем мінез танытып, Алланы жүрекпен еске алу. Ең соңында осының бәрін истиғфар айтып, тәубе ету дұғасымен аяқтау.
  • Алланы шын жақсы көретін шыншылдармен бірге болу. Олар айтқан жақсы сөздерден ғибрат алу. Алланы шынайы жақсы көретін адамдармен бірге отырғанда орынсыз сөйлемеу.
  • Жүректі Алла Тағаладан алшақтататын әрбір іс-әрекеттен аулақ ұстау.
  • Осы және басқа да себептерді жасау арқылы Алланы жақсы көрген жандар Оның махаббатына ие болады.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: